info@palata-almaty.kz

Новости палаты

Құрметті «Алматы қаласы бойынша жеке тәжірбиедегі заңгерлік кеңес беру орталығы» заң консультанттары палатасының  мүшелері! 2024 жылғы 18 наурызда сағат 11:00-де Палата кеңсесінде Палата мүшелерінің 2023 жылға арналған кезекті Жалпы жиналысы өтетінін хабарлаймыз.

Жалпы жиналыстың күн тәртібі:

  1. Палата Төрағасының есебі;
  2. Тексеру комиссиясы төрағасының Палатаның қаржылық қызметі туралы есебі;
  3. Тәртіптік комиссия төрағасының есебі;
  4. Палатаның 2024 жылға арналған бюджетін бекіту туралы;
  5. Палата Басқармасының мүшелерін сайлау және қайта сайлау;
  6. Палатаның Тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау және қайта сайлау;
  7. Палатаның оқу орталығы туралы ережені бекіту;
  8. Палатаның қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету шаралары туралы.

Жалпы жиналыс 2024 жылғы 18 наурызда сағат 11.00-ге жоспарланған.

Өтетін орны: Палата кеңсесі, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 250